Жаңалықтар

«6 жыл ақша жинадым»: Әсел Асқар жаңа жер үйін көрсетті

Instagram/assel.askar

Желі қолданушылары жарыса жылы лебіз білдірді.

Блогер, актриса Әсел Асқар жаңа жер үй сатып алды. Бұл жайлы өнер иесі  Instagram парақшасында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Актриса жылжымайтын мүлікке қол жеткізу үшін 6 жыл бойы қаражат жинаған.

«Сүйінші! Алматының төрінен, Алатаудың бөктерінен үй алдым. 32 жастағы кішкентай ғана келіншек болсам да, көбісінің қолынан келмейтін үлкен іс жасадым. Осы үйді алу үшін 6 жыл бойы ақша жинадым. Өз мақсатыма жеттім. Пәтер емес, жер үй алуды ойладым. Сөйтіп 300 шаршы метр үй алдым. Құттықтап қойсаңыздар болады. Сіздерге де жұғысты болсын», - деді ол.

Желі қолданушылары жарыса жылы лебіз білдірді.

«Қуаныштымын», «Құттықтаймын», «Бізге жұғысты болсын», «Үй бақыт алып келсін», «Жарайсыз» – деді олар.