Ақтауда 5-қабаттан секіріп кетпек болған қыз табылды

4 наурыз, 2024 / Меруерт Сағымхан
lada.kz
Оқиға 3 наурыз күні 32б шағынауданында болған.

Ақтауда өзіне қол жұмсамақ болып, артынша қашып кеткен 20 жастағы қыз аман-есен табылды. Бұл туралы turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Облыстың полиция департаменті қыздың не себепті өзін тастамақ болғанын хабарламады. 

«Табылды, аман-есен және жағдайы жақсы. Туыстарына тапсырылды», – деді полиция.

Еске сала кетейік, бұған дейін полиция 20 жастағы бойжеткеннің тұрғын үй кешенінің терезесінен секіру әрекетінің алдын алған еді. Осы жағдайдан кейін ол үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен.  

Тэгтер:

суицид Ақтау