Жаңалықтар

«Қазақ қара жамылмаған»: Мөлдір Әуелбекова өзін сынға алғандарға жауап берді

Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші жаңа образдағы суретін Instagram парақшасында жариялаған.

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова қара түсті киім киіп, сынға қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші жаңа образдағы суретін Instagram парақшасында жариялаған.

«Орамал таққалы қап-қара киінуім алғаш рет. Дресс код солай болды. Қатты ұнап тұр! Жараса қалды, иә? Иә, білемін, қазақ қара жамылмаған. Дәл солай, қазақта тек жесір әйел шаш жайған. Демек бір-бірімізден кемшілік іздейтін болсақ, міндетті түрде табатынымыз анық. Сол себепті, жай ғана әдемі образға лүпіл басып, тілек жазайық. Сүйем сіздерді!», – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.