Қоғам

Қызылордада 2 тоннадан астам күріш ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Оқиға 28 ақпан күні сағат 00:10 шамасында болған.

Қызылордада 2 тоннадан астам күріш ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Қызылорда қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары аясында қала аумағында 110 қап, яғни 2 тоннадан астам күрішті ұрлаған қылмыстық топ ұсталды.

Оқиға 28 ақпан күні сағат 00:10 шамасында болған.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.