Қоғам

Ақтауда сауда орталығындағы эскалаторға мінген бала саусағынан айырылды

Оқиға 1 наурыз күні қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған.

Ақтау қаласында эскалаторға мінген жеті жасар қыз саусағынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 1 наурыз күні қаладағы сауда орталықтарының бірінде болған. Баланы шұғыл облыстық балалар ауруханасына жеткізген.

Қазіргі кезде кішкентай пациент ем-дом алып жүр. Жарақаты жазылып келеді, бірақ саусағы бұрынғыдай бола ма, әзірше белгісіз.