Алматыдағы «Береке» базарынан өрт шықты

4 наурыз, 2024 / Анель Жарылғасын
ҚР ТЖМ
Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Алматыда «Береке» базарының аумағында халық тұтынатын тауарлар сататын екі бутик өртенді.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт таңғы сағат 06:15-те оқшауланып, 06:18 кезінде сөндірілген.

Жалын аумағы — 50 шаршы метр. Зардап шеккндер жоқ. 

Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт сөндірушілер өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуының алдын алды.

Тэгтер:

Алматы өрт Береке базары