Қоғам

Ақтаудағы өрттен зардап шеккен өзбекстандықтар жан сақтау бөлімінде жатыр

Ашық дереккөз

Жалын 42 шаршы метр аумақты шарпып, өртті сөндіруге ТЖД-нің 12 адамы мен 3 арнайы техникасы жұмылдырылды

Ақтауда көлік жөндеу цехында болған өрттен зардап шеккен Өзбекстан Республикасының екі азаматының жағдайы мүшкіл, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері мәлімдеді.

Өрт кезінде зардап шеккен шетелдік азаматтар әлі де жан сақтау бөлімінде. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Екеуі де аппаратта жатыр, - деді аурухананың дәрігерлері.

Оқыс оқиға ақпан айының 13 күні кешке болған. Өрт кезінде термиялық күйікпен Өзбекстан Республикасының екі азаматы ауруханаға жеткізіліп, кейін олардың жағдайы ауыр екені айтылды. Содан бері шетелдіктердің жағдайы әзірге оңалмай отыр. 

Ал бұған қатысты Маңғыстау облыстық ТЖД қаланың 28а шағын ауданындағы цехта көлік дөңгелектерінің жануы кезінде екі адамның сыртқа шығып үлгермегенін мәлімдеген еді. Жалын 42 шаршы метр аумақты шарпып, өртті сөндіруге ТЖД-нің 12 адамы мен 3 арнайы техникасы жұмылдырылды.