Саясат

Премьер-министр жұмыс сапарымен Ресей және Өзбекстанға барады

primeminister.kz

Тараптар екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды

Наурыз айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысы Олжас Бектеновтің Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары жоспарланған, деп жазады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Тараптар екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды.

Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп,сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын талқыламақ.