Семейде газдан уланған 2 адам ауруханаға түсті

3 наурыз, 2024 / Ақмарал Берекет
Ашық дереккөз
Уланудың алдын-ала себебі - жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу

Қатты отын пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен тұрғындар улы газдан уланып қалды, деп жазады turkystan.kz.

3 наурыз сағат 06-10-да Семей қаласындағы Строительный аулында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын пештің мұржасынан ақау шығуына байланысты көміртегі тотығымен уланып, 2 адам ауруханаға жатқызылды.

Уланудың алдын-ала себебі - жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу.

Абай облысы ТЖД жеке құрамынан 1 адам және 1 тех.жұмылдырылды.

Тэгтер:

Семей газдан улану