Қоғам

Аязды күні ауруханадан шығып кеткен зейнеткердің денесі табылды

Sputnik

Аталған факті бойынша сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қостанайдың 68 жастағы тұрғынының денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол суықта үсіп өлген, деп жазады turkystan.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, зейнеткер әйел 29-ақпан күні түн ішінде қалалық ауруханадан шығып кетіп, үйіне оралмаған.

Оны іздеуге полицияның жеке құрамы мен еріктілер және кейбір Қостанай тұрғындары жұмылдырылған. Сол күні кешкі сағат 19:30 кезінде Станционная көшесі маңынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылды.

Аталған факті бойынша сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.