Қоғам

Алматыда жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың денесі табылды

Ашық дереккөз

Өлім себебі туралы ақпарат жоқ

Алматыда қаңтар айында 18 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып, іздестірілген еді. LIDER отрядының еріктілері 1 ай уақыт іздеу жұмыстарынан соң қыздың денесі табылғанын жеткізді, деп жазады turkystan.kz.

Бойжеткен биыл қаңтар айында жоғалып кеткен болатын. 2005 жылы туған қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткеннен оралмаған. Ал еріктілерге хабарлама 12 ақпанда түскен. 

Дегенмен бір ай іздеу жұмыстарынан соң, ақпан айында қыздың мәйіті табылды. Өлім себебі туралы ақпарат жоқ.