Президент Сейдахмет Құттықадамның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты
Танымал публицист, саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп жазады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.