Жаңалықтар

Танымал публицист Сейдахмет Құттықадам өмірден өтті

Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Мәди Манатбек әлеуметтік желідегі парақшасында айтты

Танымал саясаткер, журналист және сарапшы Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп жазады turkystan.kz.

Сейдахмет Рысқожаұлы Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын бітірген. Техника ғылымының кандидаты, доцент, Қазақстанның құрметті журналисі.