Жаңалықтар

Жел, жаңбыр, қар: 3 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Qazaqstan TV

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 3-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 3-наурыз күні еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында ғана антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, күндіз елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.