Қоғам

Қостанайдағы балабақшада бүлдіршінді ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Видеодан алынған кадр

Болған оқиғаға қатысты өңірлік білім беру басқармасы мәлімдеме жасады

Тәрбиешінің орындықты алып келе жатқан баланы ұрып жіберіп, кейіннен оны жұлқып орнына отырғызған сәті видеоға түсіп қалған, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

"Костанайские новости" мәліметінше, болған оқиғаға қатысты өңірлік білім беру басқармасы мәлімдеме жасап үлгерді.

"Өкінішке қарай, мұндай жағдай шынымен де болды. Қазіргі уақытта тәрбиеші арнайы баппен жұмыстан шығарылды. Іс құқықтық алаңда қаралады", - делінген мәліметте.