Әбиба Абужақынова Ташкенттегі Үлкен дулыға бәсекесінде күміс иеленді
Спортшы финалда ресейлік Сабина Гилиязоваға есе жіберді
Дзюдодан Ұлттық құрама көшбасшысы Әбиба Абужақынова (-48 кг) Өзбекстан астанасы Ташкентте басталған Үлкен дулыға бәсекесінде күміс медаль иеленді, деп хабарлады turkystan.kz.
Спортшы финалда ресейлік Сабина Гилиязовадан жеңіліп қалды.
Осы салмақтағы қола жүлде Тара Бабулфат пен Тугче Бедерге (Түркия) бұйырды.