Қоғам

Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, 2 адам зардап шекті

el.kz

Өрт орнына жеке құрамның 30 адамы мен 8 жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылды

Қарағандыда тоғыз қабатты үйдегі пәтер өртеніп, 10 адам құтқарылды, деп жазады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, өрт салдарынан екі адам ауруханаға жатқызылған.

Ведомствоға сағат 17:53 шамасында Гүлдер-1 ықшамаудандағы 9 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 8-қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаздар өртенген. Өрт ауданы 6 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 18:26-да сөндірілгені белгілі болды.

Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын қолданып 10 адамды құтқарды, оның 3-і балалар, 12 адамды эвакуациялады, оның екеуі – балалар. Өртенген пәтердің екі тұрғыны қосымша тексеру үшін ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Өрт орнына жеке құрамның 30 адамы мен 8 жедел әрекет ету техникасы жұмылдырылды.