Блогер Қазақстан футбол лигасының креатив директоры болып сайланды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жаңа брендінің таныстырылымы мен жаңа маусымының тұсаукесері өтті.
Белгілі қазақстандық блогер Артур Асқарұлы Қазақстан футбол лигасының креатив директоры атанды, деп хабарлады turkystan.kz.
Nur.kz сайтының мәліметінше, Артур Асқарұлы НТК арнасына бергенде сұхбатында жаңа қызметтегі басты міндеті футболды насихаттау және бұл спортқа қызықпайтын адамның өзін барлық жаңалықтан хабардар етіп отыру екенін айтты.
«Бір қызығы футболға қызығушылығымды әкем емес, анам ашты. Қателеспесем 4-5 жаcымда анам теледидарда көрсетіліп жатқан футбол ойынын түсіндіріп берді. Кейін 2007 жылы Қазақстан – Португалия матчына бардым. Сол кездесуде Самат Смақов пен Криштиану Роналду ойнады», – деді блогер.
Айта кетейік, 28 ақпан күні Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жаңа брендінің таныстырылымы мен жаңа маусымының тұсаукесері өтті. Енді Лиганың жаңа атауы – QFL (Qazaqstan Football League).
Бүгін, 1 наурызда Qazaqstan Football League брендімен Премьер лиганың жаңа маусымы басталады.