Жаңалықтар

Алматыда әйел 12-қабаттан құлап кеткен

Видеодан кадр

Оқиға «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде болған.

Алматыда әйел көпқабатты ғимараттан құлап кетті,  деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгердің айтуынша, оқиға «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде болған. 22 жастағы әйел ғимараттың 12-қабатынан құлаған.

«Бұл факт бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі соталды тергеу амалдарын бастады, мән-жай анықталады», - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.