Жаңалықтар

Қарағанды облысында 21 мыңнан астам әйел біржолғы төлем алады

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға ақша аударылады.

Қарағанды облысында 8 наурыз қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін 21 861 әйел біржолғы төлем алады, деп хабарлады turkystan.kz.

Қалалар мен аудандарда қосымша қаржылау қолдау мөлшері әртүрлі. Әр аймақтың бюджеттік мүмкіндігіне байланысты.

Балқашта көп балалы аналар, Құрметті азаматтар, тыл еңбеккерлері, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар, еңбек ардагерлері, белсенді емес тыл еңбеккерлері, мүгедек балалар, белсенді емес жалғыз тұратын әйелдер, қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің әйелдеріне төлем аударады.

Саранда төрт және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасыларға беріледі. Абай ауданында ХӘОТ, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, түрлі саладағы қызметкерлерге бөлінеді.

Ақтоғай ауданында төрт және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, аз қамтылғандарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге (әйелдерге) беріледі.

Бұқар жырау ауданында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан әйелдер, мүгедектер, зейнеткерлер және ХӘОТ қаржылай қолдау көрсетіледі.

Қарқаралы ауданында 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, аз қамтылған, мүгедектерге беріледі.

Нұра ауданында аз қамтылған, көп балалы аналар, жастар біржооғы қолдау алады.