Жаңалықтар

Астанада ірі есірткі зертханасы жойылды

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауды деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды.

22 ақпанда ҰҚК Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхананы жойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауды деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды.

Алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы
1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.