Спорт

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

Ангелина Лукас таиландтық Кадесара Джадпакдимен жұдырықтасып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Ангелина Лукас (6-1-0, 3 КО) Таиландта кезекті жекпе-жегін өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңді.

Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Ангелина Лукас таиландтық Кадесара Джадпакдимен жұдырықтасып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Негізі жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған. Алайда рефери төртінші раундта жарысты тоқтатты. Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқойдағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Ал оның қарсыласы қазірге дейін кәсіпқой бокстың шаршы алаңында жеті рет жеңіске жеткен. Үш рет жеңілген. Осы жолы төртінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.