Саясат

Мәжіліс спикері Ресейдің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Тараптар Мәжіліс төрағасының Ресейге ресми сапарына дайындық барысын, сондай-ақ Қазақстан депутаттарының Ресей Федерациясындағы Президент сайлауын бақылауға қатысуын талқылады.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

Ерлан Қошанов Ресей мен Қазақстан Тату көрші әрі одақтастық туралы шартты негізге ала отырып, ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті.

Мәжіліс төрағасы парламентаралық ынтымақтастық Қазақстан-Ресей байланысының маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты. Мемлекеттік Думадағы әріптестермен түрлі форматтағы – достық топтары және палатааралық парламенттік комиссия аясындағы ықпалдастық арта түсуде. Депутаттар ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, Парламентаралық одақ және басқа да көпжақты форумдар алаңында тұрақты түрде пікір алмасып келеді.

Өз кезегінде Елші Алексей Бородавкин Қазақстанмен қоғамдық-саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда дамып келе жатқан кең ауқымдағы ынтымақтастыққа Ресей үлкен көңіл бөлетінін айтты.

Тараптар Мәжіліс төрағасының Ресейге ресми сапарына дайындық барысын, сондай-ақ Қазақстан депутаттарының Ресей Федерациясындағы Президент сайлауын бақылауға қатысуын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастық аясында дамытуға келісті.