ҰҚК Шекара қызметі өткізу пунктерінің жұмыс режимі өзгеретінін хабарлады
Автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 29 ақпанда бақылау-өткізу бекеттерінің жұмыс режимінің өзгеретінін ескертті, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді: Ресей Федерациясымен: «Найза», Павлодар облысы «Қоянбай», Абай облысы «Байтанат», Абай облысы Қытай Халық Республикасымен: «Нұр Жолы», Жетісу облысы «Достық», Жетісу облысы «Қолжат», Алматы облысы «Бақты», Шығыс Қазақстан облысы «Майқапшағай», Шығыс Қазақстан облысы Қырғыз Республикасымен: «Кеген», Алматы облысы.
«2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Өзгерістер Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай сағаттық белдеудің белгіленуіне байланысты енгізілді», – делінген хабарламада.