Жаңалықтар

Беларусь халқы арамтамақтыққа салынатын салыққа қарсы

ашық дереккөзі

Беларусь халқы арамтамақтыққа салынатын салыққа қарсы

Беларусь халқы Лукашенконың отставкаға кетуін талап етіп, ереуілге шықты. Беларусь халқы «арамтамақтыққа» салынатын салыққа қарсы шықты. Жарты жыл бойы жұмыс істемей, мемлекеттің мойнына масыл болғандарға билік осындай амал ойлап тапқан. Оны төлемей қойып, артынан сотқа шақырту алған мыңдаған адам ашуға мініп, Брест көшелерінде ереуілдетті. «Лукашенко, кет!», «Мен арамтамақ емеспін!» деген ұрандар ұстағандар өздерін «жатып ішер» санайтын президенттің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Осыдан екі жыл бұрын енгізілген салық түріне сәйкес, жарты жыл үйде жатып, жұмысқа тұрудан қашып жүргендер бюджетке біздің теңгемен шамамен 70 мың төлеуі тиіс екен. Оны мүлде елемегендер енді соттан шақырту алып жатыр. Барлығы 500 мыңнан аса адамға «арамтамақтығы» үшін салық салынған. Оның тек 50 мыңы заңға бағынып, қалғаны осылай қарсылық білдіруде.