Оралда браконьерден 600 киік мүйізі тәркіленді
Көлік тізгіндеген азамат Атырау облысының тұрғыны болып шықты.
Орал қаласында полиция қызметкерлері шамамен 600 киік мүйізін тәркіледі.
Мәлім болғандай, полицейлер «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында 593 дана киік мүйізі табылған.
Көлік тізгіндеген азамат Атырау облысының тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.