Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты құттықтады

Тоқаев бауырлас мажар халқына құт-береке тіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Тамаш Шуйокты Мажарстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Мажарстан Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мажар халқына құт-береке тіледі.