Жаңалықтар

Көктемнің алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

calend.ru

Көктем мезгілі келгенімен күн жылына қоймайды.

«Қазгидромет» РМК 29 ақпан мен 2 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, күнтізбе бойынша көктем мезгілі келгенімен күн жылына қоймайды.  

«Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынына қарамастан, еліміздің оңтүстігі мен солтүстігіне екі циклон әсер етіп, жауын жауып, жел күшейеді. Температуралық фон да теріс мәндерін сақтайды, яғни ауа райы салқын болады. Тек Қазақстанның батысында күндіз термометрлердің бағандары 10 градусқа дейін жоғарылап, жылынады», - делінген хабарламада.