Жаңалықтар

Нұржан Керменбаев жаңа әнін сынағандарға жауап берді (ВИДЕО)

Нұржан Керменбаев. Фото: instagram/ nurzhan_kermenbayev

Оның айтуынша, желі қолданушыларының арасында әннің қайырмасын түсінбей, сынағандар болған.

Танымал әнші Нұржан Керменбаев жақында көпшілікке жаңа ән ұсынды. Керменбаевтың Qazaqsha disco әнінің қайырмасында «Күйеуге тиме! Күйеуге тиме! Дей ме, біреулер әлде?» деген жолдар бар.

Оның айтуынша, желі қолданушыларының арасында әннің қайырмасын түсінбей, сынағандар болған. Керменбаев жаңа туындысы не жайлы екенін оқырмандарына түсіндіріп берді.

«Қыздар, күйеуге шығыңдар. Отбасы құрыңыздар! Жалпы қыз баланың басты мақсатының бірі сол деп ойлаймын. Біз «күйеуге тиме» деген насихат айтпадық. Автордың бейнелеуі бойынша, жігіт қызға сөз салады. Ал қыз арманымен, қиялымен екі ойлы болып тұрады. Осы кезде жігіт қыздан «Біреу саған күйеуге шықпа деп жүр ме? Құрбыларың, жақындарың тұрмысқа шықпа деп айтады ма?» деп сұрайды. Оны сіздер басқаша бұрмалап алыпсыздар. Негізі біздің айтқымыз келгені мүлде басқа. Сіздердің бұрмалап алғандарыңыз мүлде бөлек», - деді Нұржан Керменбаев.