Жаңалықтар

Президент стипендиясын тағайындау ережесіне өзгеріс енгізіледі

Стипендия санын бөлу күндізгі оқу нысаны бойынша студенттер мен магистранттар контингентіне сәйкес іске асырылады.

ҚР Президенті стипендиясын тағайындау ережелеріне Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №69 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.

Аталған «ҚР Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 136 бұйрығына өзгерістер енгізілсін:

Президент стипендиясы меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен магистранттарына тағайындалады.

Стипендия:

1) студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға;

2) анағұрлым талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға;

3) интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.

Стипендия келесі санаттағы студенттер мен магистранттарға тағайындалады:

1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалықтар, өнертапқыш авторларға;

2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары барларға;

3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындарға;

4) ЖОО-ның қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындарға.

Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.