Жаңалықтар

Қарағандыда нәрестені далада тастап кетті деген күдікпен 2 адам ұсталды

Күдікті. Фото: polisia.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Қарағандыда нәрестені далада тастап кету дерегі бойынша күдікті 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы азаматша ұсталды. 

ІІМ мәліметінше, полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде нәрестені далада тастап кету дерегі бойынша күдікті 29 жастағы ер адаммен 22 жастағы азаматша ұсталды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.