Жаңалықтар

Квазисектордың таза пайдасын бюджетке беретін уақыт келді – Мархабат Жайымбетов

Мархабат Жайымбетов, алдымен квазисектордың жұмысын қайта қарап, табысын толық бюджетке беру арқылы қаражат үнемдеу мәселелеріне тоқталды.

«AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, бюджет тапшылығы мәселесіне алаңдаушылық білдірді.

Мархабат Жайымбетов, алдымен квазисектордың жұмысын қайта қарап, табысын толық бюджетке беру арқылы қаражат үнемдеу мәселелеріне тоқталды.

Келесі мәселе – салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру және олардың санын оңтайландыру.

Мысалы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сату және импорттау айналымы қосымша құн салықтан (НДС) босатылған. Бірақ, осы салықтан босату – дәрілер мен медициналық бұйымдардың бағасының түсуіне әсер етпеген.