"Ғылыми этика" ұғымын енгізу туралы заң жобасы қаралды
Бұл норма ғылыми зерттеулердің сапасы мен жауапкершілігін арттыруға, академиялық адалдық қағадаттарын сақтауға бағытталып отыр. Сонымен қатар, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми этиканың үлгілік қағидаларын әзірлеу туралы құзыреттігін де қарастырдық, – деді депутат Асхат Аймағамбетов.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ғылым және білім саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша мәселелерді қарады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында ғалымдарға қолдау көрсету де қамтылған.
Сонымен қатар, Заң жобасына "ғылыми этика" ұғымы енгізілген.
Осы Заң жобасы шеңберінде ғалымдарымыз басшылыққа алатын этикалық қағидаттар, ережелер мен нормалар жиынтығын білдіретін "ғылыми этика" талаптары туралы норма да енгізілді. Бұл норма ғылыми зерттеулердің сапасы мен жауапкершілігін арттыруға, академиялық адалдық қағадаттарын сақтауға бағытталып отыр. Сонымен қатар, Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми этиканың үлгілік қағидаларын әзірлеу туралы құзыреттігін де қарастырдық, – деді депутат Асхат Аймағамбетов.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық етіп, 2023 жылғы 28 қарашада Мәжілістің қарауына енгізілді. Оның басты – мақсаты ғылым және білім саласындағы заңнаманы жетілдіру.