Қоғам

Ғылыми атағы үшін ғалымдардың жалақысына қосымша ақы төлеу ұсынылды

Бұл заң жобасы Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Оның басты мақсаты –  ғылым және білім саласындағы заңнаманы жетілдіру.

Ғылыми атағы үшін ғалымдардың жалақысына қосымша ақы беру ұсынылды. Осы мәселеге қатысты заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында қаралды.

Қазір ғылыми зерттеу институттарында немесе университеттерде істейтін ғалымдарымыз өздерінің доктор PhD, ғылым докторы, ғылым кандидаты сияқты ғылыми дәрежелері үшін ай сайын жалақысына қосымша үстемақы алады. Енді оларға профессор немесе доцент сияқты ғылыми атақтары үшін жалақысына қосымша ақы беру ұсынылып отыр. 

Бұл заң жобасы Сенат пен Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Оның басты мақсаты –  ғылым және білім саласындағы заңнаманы жетілдіру.