Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан тағы 8 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан еншісінде жалпы 21 медаль бар ( 11 алтын, 6 күміс пен 4 қола).
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен әр жастағы XI Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының қоржыны тағы 10 медальмен (оның ішінде 8-і алтын) толықты.
Жүлдегерлер:
Жүзу, А тобы:
Әділбек Мусин, 100 м баттерфляй - алтын Аделаида Пчелинцева , 50 м брасс - алтын Софья Сподаренко, 100 м баттерфляй - алтын Диана Тасжанова, 1500 м еркін әдіс - күміс
Жүзу, В тобы:
Арсен Қожахметов, 50 м брасс - алтын София Абубакирова, 50 м еркін әдіс - алтын Максим Сказобцов, 100 м баттерфляй - алтын Ерлер құрамасы (Егор Попов, Арсен Қожахметов, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов), эстафета 4х100 аралас әдіс - алтын Даниил Черепанов, 50 м еркін әдіс - күміс
Суға секіру, А тобы:
Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина, тұғырдан қатар секіру - алтын
Сары құрлық додасының 2 күнінен кейін Қазақстан еншісінде 21 медаль бар ( 11 алтын, 6 күміс пен 4 қола).