Жаңалықтар

«Басқа не істейсің?»: Нұрболат Абдуллин балалық шағы туралы айтты

Stan.kz

Ол бала кезінде төрт түлік мал баққан кезін есіне алды.

Танымал әнші, хит әндердің орындаушысы Нұрболат Абдуллин өмірі мен балалық шағы туралы айтып берді. Бұл туралы turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Өнер иесі – Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылының тумасы. Ол бала кезінде төрт түлік мал баққан кезін есіне алды. 

Шаш үлгісін жасап, соңғы үлгідегі киінетінімді көріп, халық мені қаланың ақсаусақ баласы деп ойлайды. Мен – даланың баласымын. Түйе баққанмын. Үйде түйе көп болатын. Түйеден бөлек жылқы да, сиыр да, қой да болды. Тіпті ашығын айтқанда, үйдегі түйенің біразын төлдеттім. Ауылдың мал дәрігері болдым. Басқа не істейсің? Ауылда басқа адам жоқ. Қазір де түйе бағатын жеке шаруа қожалығым бар, – деді өнер иесі.