Жаңалықтар

Көлік министрлігі жолаушыларға мәлімдеме жасады

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу бойынша шаралар қолға алынды.

Көлік министрлігі бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге дайындық туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

Көлік министрлігінде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге дайындық мәселелері жөнінде кеңес өтіп, жолаушыларды уақтылы хабардар ету және билеттерді брондау әрі сату бойынша жүйелерді жаңарту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылған болатын.
 


Бүгінгі таңда теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелеріне сәйкес барлық жолаушылар пойызына билеттерді сату жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ жолаушыларды уақтылы хабардар ету үшін қызметкерлер арасында бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде жолаушыларды ақпараттандыру және поездардың жүру тәртібі туралы тиісті нұсқамалар берілді.