Саясат

Премьер-министрдің баспасөз хатшысы тағайындалды

primeminister.kz

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің баспасөз хатшысы болып Диляра Ардаққызы Аленова тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, «Қазконтент» АҚ-да, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

«Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы, Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.