Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты

Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

Өнер иесінің When I’ve Got You әнінің бейнебаяны жарияланды.

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің жаңа әнінің тұсауы Ыстанбұлда кесілді. 

Орындаушының ресми YouTube парақшасында When I’ve Got You әнінің бейнебаяны жарияланды. 

Идея авторы — Димаштың өзі және Ғалым Асылов. 

Әнін жазған — Димаш Құдайберген. Сөзін жазған — Кэндис Келли және Дмитро Гордон.  

«Димаштың мейірімді және қарапайым адам екенін бәрі біледі. Бірақ Димаш бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көріне бермей, жеке сұхбат бермейтіндіктен оның жеке өмірі туралы аз білеміз. Ал бүгін біз әншіні сәл басқа қырынан, жаңа бейнеде көретін боламыз», – деп бөлісті режиссер.

Ғалым Асылов пен жобаның екінші режиссері әрі желілік продюсер Жәнібек Ғұсманов түсірілім барысы өте қызық болғанын және Алматыда өткенін хабарлады. Бейнебаянға 70-тен астам Қытайдан келген мамандардың тартылып, шығармашылық топ жұмыс жасады. Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, қазақстандық мамандармен бірге әншінің бүкіл образы жасалды.

Кастинг оңай болған жоқ: басты кейіпкердің рөліне көптеген актрисалар мен модельдер өз бақтарын сынады. Ежелгі антикалық мәдениетті іздеу оңай болмады. Сол себепті, бейнежазба үш жер пайдаланылды. Шығармашылық команда интерьердің әрбір элементінде, костюмнің әрбір деталында және әрбір кадрда жұмбаққа толы оқиғалар жасауға тырысты.