Жаңалықтар

1-сыныпқа қабылданатын балалар енді емтихан тапсырмайды

Лицейлер мен гимназияларға қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салынды.

Алдағы оқу жылынан бастап лицейлер мен гимназияларға қабылданатын 1-сынып оқушылары емтихан тапсырмайды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды.

Оның айтуынша, бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан барлық баланы мектепке қабылдау кезінде шектеулерді алып тастайды, бастапқы білімді игеруге, танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндік береді.

Қаныбек Жұмашев бұл өзгерістер алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданған кезде енгізілетінін атап өтті.