Қазақстандық велошабандоз Үндістанда қола жүлде жеңіп алды
Чемпионатқа 23 мемлекеттен 230 велошабандоз жиналды.
Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан велотректен ересектер арасындағы 43-ші Азия чемпионатының шешуші жарыс күні Кирилл Курдиди үздік үштікті түйіндеді.
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.
Ол Олимпиада бағдарламасына кірмейтін классикалық гит жарысында қола жүлдегер атанды, - делінген ақпаратта.
Қазір Қазақстан құрамасында 1 күміс, 5 қола медаль бар. Биыл сары құрлық додасына 23 мемлекеттен 230 велошабандоз жиналды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан XI Азия чемпионатының алғашқы күні спортшыларымыз 11 медальді иеленгенболатын.