Ақтаудан Ыстанбұлға тікелей рейс ұшады

Ақтаудан Ыстанбұлға тікелей рейс ұшады

Ақтаудан Ыстанбұлға тікелей рейс ұшады
ашық дереккөзі
26 наурыздан бастап Ақтаудан Ыстанбұлға тікелей рейс шығады.  Ақпан айында түріктің «Atlasglobal» авиакомпаниясы ҚР Көлік комитетімен Қазақстан (Ақтау) -Түркия халықаралық авиа желісі бойынша тұрақты авиатасымалдау туралы келісім жасасты. Бұл туралы жаңа рейстің таныстырылымында «Atlasglobal» директоры Орхан Санжар хабарлады. «Бұдан бұрын, 7-8 жылдай біз Ақтаулықтармен жұмыс істедік. Бізде чартерлік рейстер болды, соңғы 2 жылда бұл рейстер жабылды, деп хабарлады Орхан Санжар. Авиакомпания директоры 26 наурыздан бастап Түркиядан Ақтауға, 27 наурыздан бастап, Ақтаудан Түркияға ұшақтар ұша бастайтынын айтты. Билеттің құны екі жаққа шамамен 70 мың теңгені құрайды, бизнес-класс 141 мың теңге. Одан әрі компания рейстер санын ұлғайтуды жоспарлауда. Қазір «Atlasglobal» авиакомпаниясы Түркия қалаларына жеткізетін рейстерді ұйымдастыруда.  Жаңа рейстің көмегімен транзиттік жолмен Еуропа елдеріне (Франция, Германия, Ұлыбритания, Щвеция, Дания және т.б.) ұшуға болады. Компания авиатасымалдау нарығында 16 жыл жұмыс істейд, эконом, бизнес кластармен 216 адам сыятын 27 аэробустары бар.