Жаңалықтар

Су спортынан Азия чемпионаты: ел қоржынына 11 жүлде түсті

Спортты дамыту дирекциясы

Сары құрлықтың бәсекесінде 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының алғашқы күні жалпы қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Сары құрлықтың бәсекесінде 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынады: А тобы (18 жастан және жоғары), В тобы (15-17 жас), С тобы (14 жас және кіші).

Кеше бірінші жарыс күнінде жүзу және суға секіру сайыстары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Отандық спортшылардың нәтижелері:

Жүзу, А тобы: Аделаида Пчелинцева, 100 метрге брасс әдісімен жүзу — алтын Ксения Игнатова, 50 метрге шалқалай жүзу - алтын Диана Тасжанова, 200 метрге еркін әдіспен жүзу - күміс, 800 метрге еркін жүзу — қола Әйелдер құрамасы (Аделаида Пчелинцева, Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс

Жүзу, В тобы: Егор Попов, 50 метрге шалқалай жүзу — алтын Арсен Қожахметов, 100 м брасс - күміс София Абубакирова, 200 м кешенді жүзу - күміс, 50 м шалқалай жүзу - қола Ерлер құрамасы (Егор Попов, Егор Василенко, Алексей Крученко, Данил Черепанов), эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзу — күміс

Суға секіру, А тобы: Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина, 3 метрлік тұғырдан синхронды секіру — күміс Жүзу жарысы 29 ақпанда, суға секіру сайысы 1 наурыз күні аяқталады. 2-6 наурыз аралығында көркем жүзу, 3-9 наурыз аралығында су добынан жүлделер сарапқа салынады. Жарысқа 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.

Азия чемпионаты 26 ақпан мен 9 наурыз аралығында өтеді.