27 ақпанға арналған ауа райы болжамы

27 ақпан, 2024 / Анель Жарылғасын
Ауа райы. Фото: Pixabay
«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай қар жауады, оңтүстікте жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. ҚР бойынша тұман түседі.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Синоптик 27 ақпан