«Құжынаған құрт шықты»: Ләйлә Сұлтанқызы алғаш үй тірлігіне араласқан сәтін еске алды
Ләйлә Сұлтанқызы алғаш рет 10 жасында тамақ пісіруді үйренген.
Ләйлә Сұлтанқызы алғаш тамақ істеген сәтін еске алды, деп хабарлады turkystan.kz.
10-11 жастамын. Шекемтас ойнайтын кезім. Дишинкам ініммен аяқастынан ауруханаға түсіп, қырсыққанда тура сол кезде әжем белінен шойылып тұра алмай қалды. Сөйтіп, үйдегілердің ас-ауқаты – менің мойнымда. Бір күні бір жапырақ етті жуып-жуып, ойымда ештеңе жоқ, қазанға сала салдым. Ет піскенше, қыздармен ойнап келейін деп тайып тұрдым. Әжем айқайлап шақырса да, естімеген адам ұқсап, ойынның қызығына күмп еттім. Кешқұрым ет пісті-ау деген уақытта келіп, дайын кеспені сала салдым. Үйдегілерді кешкі асқа шақырып, еттен сүйекті ажыратқаным сол еді, құжынаған құрт шықты. Қорыққанымнан сорпаны қоқысқа төге салдым. Сол күні бәріміз аш жаттық, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.