Қоғам

Адам ұрлады деген күдікпен қазақстандық ұсталды

Sputnik / Ксения Воронина

50 жастағы тұрғынын ұсталды.

Қазақстандық адам ұрлады деген күдікпен ұсталды. Ер адам үш ай бойы іздеуде жүрген, деп хабарлады turkystan.kz.

Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, Қызылордада полицейлер халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Күдікті үш айға жуық уақыт бойы тергеуден жасырынып жүрген.

«23 ақпанда криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында адам ұрлады деген айыппен облыс орталығының 50 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.