Қоғам

Алматы облысында әйел екі қызымен бірге уланып қалды

Sputnik / Абзал Калиев

Аудандық ауруханадан атап өткендей, 1974 жылы туған әйелдің жағдайы ауыр

Алматы облысында қатты отынмен жағылатын пештің дұрыс жұмыс істемеуінен бірнеше адам газдан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 ақпан түскі сағат 13:15 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылындағы жеке тұрғын үйде пештен ақау шығып, 50 жастағы әйел және оның 2009, 2010 жылы туған екі қызы газдан уланған.

Аудандық ауруханадан атап өткендей, 1974 жылы туған әйелдің жағдайы ауыр. Ал екі кішкентай қыздың жағдайы орташа. 

Алматы облысының ТЖД мамандары, тұрғындарды қатты отынмен жағылатын пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.