Аяғын сындырып алған: Алматыда өткен турнирде Жалғас Жұмағұлов жеңіске жетті
Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді
Кеше, 24 ақпанда «Алматы Арена» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен NAIZA 57 турнирі өтті. Аталған турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов америкалық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Атап айтсақ, жерлесіміз үш раундқа жоспарланған айқаста америкалық файтер Кливленд Маклинмен (17-11) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсті.
Осылайша, Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізсе, Кливленд Маклин он екінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, Жұмағұлов үшін бұл UFC-тен кеткеннен кейінгі екінші жекпе-жек болды. Ол желтоқсан айында Naiza FC 55 турнирінде жапондық файтер Масато Накамураны (9-8) бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.