Спорт

Бүгін футболдан 2024 жылғы Қазақстан суперкубогы өтеді

el.kz

Футболдан Қазақстан Суперкубогы алғаш рет шет мемлекетте өткелі жатыр

Бүгін Түркияның Анталья қаласында футболдан Қазақстан Суперкубогының ойындары өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Айтулы бәсеке ел чемпионы «Ордабасы» мен ел кубогының жеңімпазы «Тобыл» командаларының арасында болады.

Ол Түркияның Анталия қаласындағы «Титаник Мардан» стадионында елорда уақытымен сағат 18:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Футболдан Қазақстан Суперкубогы алғаш рет шет мемлекетте өткелі жатыр. Мамандар мұның себебін, еліміздегі стадиондарда жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен және климат қолайсыздығымен түсіндірді.