Қарағандыда өрт сөндірушілер үлкен жарылыстың алдын алды
Өртке қарсы қызмет келгенге дейін контейнерде газ-ауа қоспасының жарылысы болған
Қарағандылық өрт сөндірушілер өздеріне қауіп төндіріп, газ цистернасының жарылуына жол бермеді, деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сағат 16:19-да Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданда, автогаз құю станциясында көлемі 6 текше метр болатын металл сыйымдылықтағы газдың жануы орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Сөндіру қауіпсіздік ережелерін ескере отырып жүргізілді.
Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. Сағат 16:48-де өрт локализацияланып, 16:59-да өрт сөндірілді. ТЖД күшімен қауіпсіз жерге 66 газ баллоны шығарылды.
Өртке қарсы қызмет келгенге дейін контейнерде газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Содан кейін жеке құрылымның металл конструкциялары зақымдалған.